«Тобық Жармағамбетов - талантты қалам иесі»
Ақай селолық кітапханасының сәуір айында
Тобық Жармағанбетовтің «Отамалы» әңгімесіне
жүргізілген жұмыстарының хаттамасы
"Тобық Жармағамбетов - талантты қалам иесі"
Мақсаты: Кітапқа деген
жастар қызығушылығын арттыру,оқу мәдениетін дамыту,тарихи-мәдени және рухани
құндылықтарды сақтау,жастар мен оқырмандар арасында өлкелік әдеби туындыларды
насихаттау.
Қөрнекілігі: Т.Жармағамбетовтың портреті.
Қөрнекілігі: Т.Жармағамбетовтың портреті.
«Тобық
Жармағамбетов-талантты қалам иесі»
- атты кітап көрмесі.
Кітапханашының сөзі: Оқушылар,оқырмандар
2011жылы бастау алған «Оқитын өлке» акциясына бүгінде жастар белсене қатысып
жүр.2011жылы Ақтөбе жұртшылығы жазушы,аудармашы Ғалым Ахмедовтың «Жем бойында»
романын,2012жылы туғанына 85 жыл толу құрметіне орай ақын Мұхтар Құрманалиннің
«Жұлдызды жорық» кітабын,ал 2013 жылы 90 жылдық мерейтойы аталып өткен көрнекті
жазушы Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романын оқыды.Биылғы жылы
жерлесіміз,жазушы Тобық Жармағанбетовтың шығармаларын оқу туралы шешім
қабылданды. Тобық Жармағанбетовтың үлкен бір
повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі – қазақ әдебиетінің алтын қорына
қосылған асыл мұра.
Тобық Жармағамбетовтің өмірі мен шығармашылығы.
Тобық
Жармағамбетов /1934-01.09.1973ж./Ақтөбе
облысы,Байғанин ауданы,Жарқамыс ауылында туған - жазушы.1957ж. КазМУ-дің
филология факультетін бітірген.Жарқамыстағы орта мектепте мұғалім
болған.1959-71 ж.Байғанин ауданы «Жаңа өмір» газетінің жауапты
хатшысы,редакторының орынбасары.Ақтөбе телевизясында аға редактор, бас
редактор,облыстық «Коммунизм жолы» /Қазіргі «Ақтөбе»/ газеті
редакциясында,1971-73ж. облысы мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында
қызмет етті.Жұлдыз журналында жарияланған «Отамалы» ,«Хаттар,хаттар» әңгімелері
кезінде оқырман қауымынан жоғары баға алды.Т.Жармағанбетов қысқа ғұмырында
«Нәзік бұлттар»/1966ж./, «Екі жүрек»/1968ж./, «Қызыл ай» /1976ж., «Соңғы
хат» /1974ж./ кітаптарын шығарды. «Ақ жауын» атты І томдық таңдамалысы 1984 ж.
жарық көрді.Байғанин ауданы №1 Қарауылкелді орта мектебінің Байғанин селосы бір
көшесіне оның есімі берілген.Ақтөбе қаласы Ш.Уалиханов атындағы /бұрынғы
/«Көкжар» / көшесінде өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта
орнатылды. Жазушының
«Отамалы » әңгімесі – қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра.«Отамалы» әңгімесіне
талдау.
Тобық туындыларындағы қанатты сөздер:
Өмір дүние сияқты дөңгелек емес,ол екі айналып келмейді.
Арам өмірден адал өлім артық!Ол-қасиетті өлім!
Өмірден жабысып айырылмайтындар тек қорқақтар ғана!Өмір
үшін олар бәрін сатады.Жалғыз адамның өмірінен де жоғары нәрселер
бар шығар дүниеде.Өмір сүрсең,соны ұмытпа!
Ақылдының алды ашық.
Ақыл дейтіннің өзі тау басына шығаратын баспалдақ
сияқты нәрсе екен ғой.
Адамда өмір қысқа,айуанда ақыл қысқа.Жаратқан ием
де жандылардың ішіндегі ең асылы-адамға таудай ақыл беріп,орташа ғана өмір сыйлаған.
Жақсының жақсылығы – дұрыс жолға түсуде.Жаман жаман
болмайын демейді,жол таңдай алмай сорлайды.
Ер жігіт өзін ойламайды,елін ойлайды.
Өлім - өлген адамға қиын емес, арттағы адамға
қиын.Өлуші бір рет өледі,балаң жүз өледі,әйелің он өледі.
Адам өмір сүріп,дені сау жүргенде өмірі өлмейтін
сияқты көрінеді.
Бақыт бір орында тұрмайды,ол ылғи алға жүріп отырса
ғана бақыт болып қала береді.
Ұзақ уақыт жақсы бола алған адам – бақыт иесі.
Ата жаумен шайқаста өлген де бақыт.Жер басып,айдың,
күннің өз ауылыңның шуағында жүрген де бақыт.Бақытсыздық – жалғыздық.
Комментариев нет:
Отправить комментарий