Бестамақ ауыл кітапханасының «Оқитын өлке» акциясы бойынша Тобық Жармағамбетовтың Отамалы аңыз әңгімесіне өткізілген
іс шараның сценариі.
«Мұратына
асыққан мұра»
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
Бүгінгі әдеби кешіміз жерлес жазушы Тобық Жармағамбетовтың 80 жылдық
мерей тойына арналады.
Жүргізуші:
Өмірден өткен жазушылар үшін риясыз іздеуші болуы, өшкені жанған шырақ, басқа
қонған бақпен тең. Қазақ әдебиетінде сондай мәуелі
бақ Тобық Жармағамбетоке (1934-1974) лайық. Жазушының заманы енді туды,
39 жаста өмірден озған жазушыға ықылас соңғы 40 жылда бәсең тартқандай болды.
Көрмеде жазушының:
«Нәзік бұлттар» Повесть Алматы, Жазушы баспасы, 1966;
«Ақ жауын» Повестермен әңгімелер. 1томдық Алматы, Жазушы баспасы, 1964;
Тобық Жармағамбетов. Повестермен әңгімелер. Алматы, «Шамшырақ-Ақтөбе»,
ЖШС 2013 және басылым беттеріндегі жарияланған материалдар қойылды.
-Кітапханашы:
Тобық Жармағамбетовтың үлкен бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі-қазақ
әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра. Жазушы өзінің Ақ жауын повесінде
отызыншы жылдардағы қиын кезең туғызған халық қозғалысын,сол кездегі жіберілген
өрескел қателіктерді батыл ашып көрсетсе, «Бәйтеректің жас шағы»
повесінде халық ақыны Н. Байғаниннің өмір жолының кейбір сәттерін оқырмандарға
шебер суреттеу арқылы жеткізді. Алпысыншы жылдардағы ауыл жастарының
тіршілігі,сырласу,нәзік сезім,шын сүйіспеншілік,қазақ ауылының көрікті бейнесі
оның «Нәзік бұлттар» деп аталатын повесінде көркем бейнеленді
Тобық Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған
«Қара жаңбыр» атты туындысы да оқырмандар қауымының ыстық ықыласына бөленді.
Жазушы адамгершілік,достық,махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек»,»Екі
дос», «Кішкентай махаббат» атты әңгімелерін жазды.
«Отамалы»
әңгімесі туралы Ауданбайқызы
Айнұр. Тобықтың «Отамалы» атты әңгімесінде адамзат аңсай беретін мейірім кені жатыр. Қазақ халқының
рухани болмысын ерекшелеп тұратын жан иесіне мейірбандық,рахым,жан ашырлы,биік
адамшылық гуманиз-поэтикалық мифтік әнгіменің алтын өзегі.
Отамалы қойшы. Жазушы жалшының қара мұрт Жапан байдың үйіне келген сәтін
бейнелегенде,шық бермес Шығайбай еске түседі. Бай есімі Жапан
аталуы,жапан дала,жазы,айдала дегенді білдіреді. Қойшы атсыз,соңында ала
төбеті бар,ал шұбат ішкен түйелі Жапан бай жалшысына мінер бір атта тауып
бермейді. Жеті қат көктеп жұлдыздар жердегі өсімдіктер тоңып тұрғаны Отамалының
басыны үйлілер,өлімге итерер дүлей зұлматты астарлайды. Өмірден бар көргені осы
ошақ,иттері,байдың үйі.
«Жұлдыздарға да қиын-ау,жап-жалаңаш»-деп Отамалы бір мезет.
Трагедиялық таңбаны оқырман жүрегі сезе бастауы үшін,Отамалының құла түзде мың қоймен
жалғыз өзі ығып,сұрапыл суыққа ұрынуын жазушы, «... бір
мыжырайған төбенің бауырынан ызғырық кенеттен қойлар мен Отамалыға тап
берді»,–деп суреттеген.Алғашқы қозыны көргенде Отамалы өзін ұмытып кетті.
Бишара саулық қозының денесін жалағыштап жатыр екен. Бірақ оның әлі жоқ.
Отамалы қозыны көтеріп алды да икемсіз қолдарымен шекпеніне енгізді. Қозы әлі
тайған,жансызданған қойшы қолынан сусып түсіп,көбік қарға тұншығып өлді,терең қардан
аршып,арашалай алмай қалды. Ол қой жаппай қозылай бастағанда сұмдық қатты қиналады.
Отамалы халық «бесқонақ» атайтын мезгіл. Көктемгі мал төлдейтін уақытқа дәл
келеді. Мұндай зарды ешкімнің басыны бермесін. Өлген қозысын жалаған саулық,есі
шыққан қойшы,боран,жел,табиғат құбылысына айбат шегеді. Тәңірге нала айтады.
Айнала жас өлім,оның бешпетін шешіп,лақтыра салу өлімге мойынсұнғаны,басындағы
тымағын жел ұшырады. Есі кетіп,етіксіз шұлғауы шешіліп,тәні бір қар,бір мұз
болып қайғылана асып барады. Отамалының жан тәсілім етер сәті, ол қойшының
таусылар тұсы,құдай айдап әкелгендей құлыптасқа тап келуі. Өлерінде ол өзінің қазаны
мен ошағын көреді. Астындағы жанған отымен бірге Отамалы аруаққа айналады.
Жазушының мейір тұнған жүрегі аңызды былай аяқтайды «Күн қайта шығып,қарларды әп-сәтте
ерітіп жіберген Қойлар баурайда өскен қызғалдақтарға қозыларын жайып,кең даланың
төсінде мәңгі бақи қалып қойыпты.Оларды қасқырдан ит қорғапты.
Отамалы ұғымы- «бесқонақ» дегенді білдіреді. Мерзімі жағынын қазіргі
май айына сәйкес келеді.Жер жұтуғы тоймайды;От отынға тоймайды;Құлақ естуге
тоймайды;Кісі ойға тоймайды;Бәрі қойға тоймайды.
«Сәуір сынды қыс;Отамалы ойлаған қыс,үркерлі айдың бәрі қыс» «Саратан-зауза
сеннен қорқам» –дейді екен бұрынғылар.Зауза желінде байлаулы құлын қырылған,енесі
ығып кеткен,шай қайнатым уақыт жаңбырлы,желді бұршақ қар жауып,күн ысытып
осындай оқиға болған.
Осы «Отамалы» немене?Не деген сөз?-Отамалы көкек айының он бірінде
кіріп,он жетісінде шығады.Желсіз,борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі Отамалы
деп аталғаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен.Көкек суығы басталған
уақытта әлгі,қойды жайылысқа шығар деген Қойдың қыстан титықтап шыққан
кезі,малыңнан айырыласың десе,байы бір діні капір екен. Сен тоғышарлық қылып
алдап отырсың деп,Отамалыны сабап-сабап қойып жайылысқа шығартады.
Сол күні қатты боран басталып,бар қой ығып кетіп қырылып,қойдан қалмаймын
деп Отамалы бақыр да үсіп өліпті.Тобық Жармағамбетов аңыз-әңгімесінде қой-ешкіні
қазақ халқының төл түлігі,мал баққан халықтың өмір салты ретінде таңдап
алды.
Кітапханашы: Рахметова Ш.Ж
Комментариев нет:
Отправить комментарий